User:Firespeaker/kk.txt

From Apertium
Jump to navigation Jump to search
1       АЗАМАТ ҚАЙДА?
2       Азамат пен Айгүл бақшада.  Ауа райы бүгін әбден жақсы, жылы.  Бірақ кеше өте суық еді!  Осы себептен олар далада ойнай алмады.  Азамат пен Айгүл ойнағанды жақсы көреді, олар әрдайым үлкен үйдің алдындағы бақшада бірге ойнайды.
3       Азамат алты жасар кішкентай бала.  Қыз оның қарындасы, ол бес жаста.  Азаматтың кішкентай бір күшігі бар, қазір ол да бақшада.  Күшік балалармен ойнағанды жақсы көреді.  Күшігі қазір өте қуанышты.
4       Ал Айгүлдің күшігі бар ма?  Жоқ, Айгүлдің күшігі жоқ, оның мысығы бар.  Бірақ мысығы үйде, ұйықтап жатыр.
5       Олардың анасы мысығымен бірге үйде, ол терезеден Азамат пен Айгүлдің ойнаганына қарап тұр.  Азамат ескі үлкен бір ағашқа қарай қатты жүгіріп бара жатыр, ол сол ағаштың артына Айгүлден жасырынып жатыр.  Не үшін екенін білесіз бе?  Айгүл қолымен көздерін жауып отыр.  Ол еш нәрсені көріп тұрған жоқ, ол санап жатыр.  Ол не үшін бүйтіп жатыр?  Ал Азамат ағаштың жанында не істеп жатыр?
6       Бұл ойын.  Айгүл санап біткеннен кейін айналасына қарады.  Ол "Азамат қай жерге кетті?  Оны көрдіңдер ме?" деп іздеп жатыр.
7       Айгүл Азаматтың қайда екенін білмейді.  Күшіктен "Азаматты көрдің бе?" деп сұрайды.  Ал күшік, әлбетте, сөйлей алмайды.  Демек, Айгүл өз сұрағына жауап ала алмайды.  Адамдар итпен сөйлескенде одан еш қашан жауап ала алмайды!
8       Айгүл терезеде тұрған анасына қарайды.  Айгүл анасының жымиғанын көріп ол Азаматтың қай жерге кеткенін біледі деп ойлайды.  "Азамат қайда, айтшы!" деп сұрайды.  "Жоқ, Айгүл, айта алмаймын" деп анасы жауап береді.  Ол Азаматтың кайда екенін білсе де айтқысы келген жоқ.
9       Айгүл бакшаның ішінде ақырын басып жүр.  Әлі де болса Азаматты табуға әрекет етіп жүр.  Үстел және орындықтардың астына қарап жатыр, бірақ Азамат онда жоқ.  Ол барлық жерді қарап жүр, бірақ Азаматты таба алмай жатыр.
10      Одан кейин ол бір дыбысты естиді, ол дыбыс ескі үлкен ағаштың артынан шығып жатыр.  Мүмкін бұл Азамат шығар?  Ол дыбыс қайта естіледі!  Айгүл оны ақырын тыңдайды.  Ол аң да, құс та емес.  Ол енді ол дыбысты анығырақ ести бастады.  Бұл Азамат болу керек!
11      Одан кейін оған кішкентай бір қол көрінеді.  Жақынырақ келгенде ол оның басын да көреді.  "Сені таптым!" деп күледі.  Олар екеуі де көңілді үйге қарай келе жатыр, бір нәрсе жеп, су ішетін уақыт болды!